Жаңалықтар

Қай өңір тұрғындары балгерлерге ең көп барады

фото: pandaland.kz

Өткен жылы елдегі балгерлер мен көріпкелдер 279,6 млн теңге табыс тапқан деп жазады Бірінші кредиттік бюро. Бір жыл ішінде бақсы-балгерлердің кірісі күрт азайып кеткенін байқауға болады. Себебі 2024 жылы аталған нарықтағы топ өкілдері 2,9 млрд теңге кіріс рәсімдеген еді.

Бірақ 279 млн теңге деген елдегі балгерлер мен көріпкелдердің толық табысын көрсетпейді. Бұл – тек ресми ЖК ретінде тіркелген заңды тұлғалардың кірісі ғана.

Тағы бір атап өтетін дүние бар. Балгерлердің (астрологтар да бар) табысы көріпкелдер мен сәуегейлерге ғана әлдеқайда артық. Былтыр бақсы-балгерлер 222,8 млн теңге табыс тапса, сәуегейлер 56,8 млн теңге кіріс кіргізген.

Олардың қызметін пайдаланушылар – негізінен қарапайым халық. Оның ішінде ауыл тұрғындарына қарағанда қалалықтар көбірек балгерлердің қызметіне жүгінеді екен.

Балгерге жиі баратындар кімдер?

 Өңірлер ішінде емшілердің қызметін көп пайдаланатындар – Қостанай облысы. Одан бөлек Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облысындағы көріпкелдердің де табысы басқаларға қарағанда едәуір жоғары. Ал бір жыл бұрын (2024 жылы) Батыс Қазақстан облысы мен Астанадағы сәуегейлер кіріс көлемі жағынан бірінші орынға шыққан еді.

Экстрасенстер тапқан табысының басым бөлігі, яғни 65%-ы Маңғыстау облысына тиесілі (36,9 млн теңге). Одан кейінгі орында Қарағанды облысы (15,1 млн теңге), үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (4,2 млн теңге) тұр.

2025 жылдағы дерек бойынша, қазақстандықтардың 4 пайызы балгерлерге жүгінген. Ал респонденттердің басым бөлігі – 89,1%-ы оларға сенбейді.

Осы жылы депутаттар елдегі бақсы-балгерлердің қызметін лицензиялауды ұсынған. Солай олардың қызметін бақылау қажет дегенді айтады.