
Сайлау қарсаңында Ақордада ірі ауыс-түйіс болды. Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды», – деп жазылған Ақорда хабарламасында
Сондай-ақ Әмірбек Оспанбеков Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Ерлан Қаринді мемлекеттік кеңесші қызметінен босатқан еді.
Еске салайық, жаңа Конституция бойынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы жойылып, оның орнына Қазақстан Халық Кеңесі құрылады. Аталған институт мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша келісілген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейтін алаң ретінде жұмыс істейді.