Жаңалықтар

Түркістан облысында бір әулеттің бес баласы жол апатынан қаза тапты

shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған жантүршігерлік жол апатынан бір әулеттің бес баласы көз жұмды.

Otyrar ақпаратына қарағанда, алтыншы бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалғанымен, жағдайы ауыр.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. Бейресми ақпарат бойынша, көлікті биыл мектеп бітірген түлек басқарған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бас прокуратура мәліметінше, биылғы бес айда Түркістан облысында 461 жол апаты тіркеліп, 100 адам қаза тауып, 573 адам жарақат алған.

Сондай-ақ, Алматы-Өскемен тас жолында апат болып, бес адам қайтыс болған еді.