Жаңалықтар

Астанада ең арзан пәтерлер қай аудандарда орналасқан

Фото: shutterstock

Соңғы бір айда Астанадағы екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ. Дегенмен кейбір аудандарда баға төмендесе, енді бірінде өскен. Бұл туралы Kursiv.Media krisha.kz мамандары ұсынған деректерге сүйене отырып хабарлайды.

Пәтер бағасы қай аудандарда арзандады?

Кейбір аудандарда пәтер бағасы сәл арзандады. Бұл Нұра, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында байқалады.

  • Нұра ауданында бір және үш бөлмелі пәтерлердің бағасы бір айда 500 мың теңгеге арзандаған.
  • Сарыарқа ауданында бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 500 мың теңгеге төмендеген.
  • Байқоңыр ауданында бір бөлмелі пәтерлер 100 мың теңгеге арзандаған.

Қай аудандарда баға өсті?

Бағаның ең жоғары өсімі Есіл ауданында байқалды.

  • бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 500 мың теңгеге;
  • екі бөлмелі пәтерлер 1 миллион теңгеге;
  • үш бөлмелі пәтерлер де 1 миллион теңгеге қымбаттаған.

Сонымен қатар Сарайшық ауданында екі бөлмелі пәтерлердің бағасы 500 мың теңгеге өскен. Ал Сарыарқа ауданында үш бөлмелі пәтерлер дәл осынша сомаға қымбаттаған.

Астанадағы ең қымбат және ең қолжетімді пәтерлер қай аудандарда

Астанадағы ең қымбат тұрғын үйлер Есіл ауданында орналасқан. Мұнда бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы 27 млн теңгені, екі бөлмелі пәтер 39,9 млн теңгені, ал үш бөлмелі пәтер 64 млн теңге тұрады.

Ал ең қолжетімді пәтерлер Сарыарқа мен Байқоңыр аудандарында. Бұл аудандарда бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 18,5–18,9 млн теңгеден, екі бөлмелі пәтерлер 25 млн теңгеден, ал үш бөлмелі пәтерлер 37 млн теңгеден басталады.

Астана аудандарындағы пәтер бағасы

Аудан1 бөлмелі2 бөлмелі3 бөлмелі
Есіл27 млн теңге39,9 млн теңге64 млн теңге
Нұра24,5 млн теңге34,5 млн теңге51 млн теңге
Алматы20,55 млн теңге29,9 млн теңге42,5 млн теңге
Сарайшық21,9 млн теңге30,5 млн теңге49,5 млн теңге
Байқоңыр18,9 млн теңге26,5 млн теңге40 млн теңге
Сарыарқа18,5 млн теңге25 млн теңге37 млн теңге

Осыған дейін жылжымайтын мүлік маманы Диляра Сейітнұрова 2027 жылы жаңа үйлердегі пәтерлер ескі үйлердегі баспанадан қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатын. Бұған құрылыс компанияларына қосылған құн салығының (ҚҚС) енгізілуі себеп болды