Экономика

2026 жылы Қазақстан экономикасы қанша пайыз өсім көрсетеді

Коллаж: kursiv.media

2026 жылы Қазақстан экономикасы 5 пайыз өсім көрсетуі ықтимал. Ал қаңтар-мамыр айларындағы көрсеткіш 3,7 пайызды құраған. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастанҚазақстанда экономикасы шикізаттық емес салалардың есебіне өсіп жатыр. ы.

«Осы жылы оң динамика сақталуда. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша экономика 3,7%-ға өсті. Экономикалық өсім шикізатқа жатпайтын сектор салаларындағы белсенділіктің артуы есебінен қамтамасыз етіліп жатқаны ерекше маңызды. Мұнай өндіруді есепке алмағанда өсім 5%-дан асады, бұл экономика құрылымының біртіндеп өзгеруін және шикізатқа жатпайтын салалар рөлінің күшеюін көрсетеді», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскен.

Бұған дейін Жұманғарин биыл ірі кен орындарында мұнай толық өндірілсе, экономика өсімі 6 пайыздан асатын еді деп мәлімдеген.