Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Холандтың голы Норвегияны 1/8 финалына шығарды

Норвегия, Кот-д’Ивуар, чемпионат мира, футбол
Soccer Football – FIFA World Cup 2026 – Round of 32 – Ivory Coast v Norway – Dallas Stadium, Arlington, Texas, U.S. – June 30, 2026 Norway’s Erling Haaland scores their second goal REUTERS/Hannah Mckay

Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңі тартысты ойындарға болып жатыр. 30 маусым күні 1/16 финал аясында Кот-д’Ивуар мен Норвегия құрамалары арасында кездесу өтті. Тартысты өткен матч 1:2 есебімен норвегиялықтардың пайдасына аяқталып, олар келесі кезеңге жолдама алды.

Матч қалай өтті?

Ойынның алғашқы таймында Норвегия құрамасы басымдық танытты.

39минутта Мартин Эдегордың нәтижелі пасынан кейін Антонио Нуса есеп ашып, Норвегияны алға шығарды (0-1).

Екінші таймда Кот-д’Ивуар құрамасы таразы басын теңестіру үшін белсенді түрде алға ұмтылды.

74минут: Николас Пепенің пасын сәтті пайдаланған Амад Диалло есепті 1-1 қылды.

86минутта Матчтың тағдырын шешкен шешуші сәт туды. Патрик Бергтің пасынан кейін команданың басты жұлдызы Эрлинг Холанд гол соғып, Норвегияға жеңіс сыйлады (1-2).

Келесі қарсылас

Бұл ойында ФИФА рейтингінде 31-орында тұрған Норвегия, 33-орындағы Кот-д’Ивуарды қапы қалдырды. Осылайша, осы жеңістен кейін норвегиялықтар Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Енді Норвегия құрамасын алда үлкен сын күтіп тұр. Олар ширек финал жолдамасы үшін футбол алпауыты Бразилия құрамасымен кездесетін болады.