Экономика

Инфляция баяулағанымен, коммуналдық тарифтер әлі де қымбат

Коммуналдық тарифтер бағасы әлі де жоғары / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан Республикасындағы инфляция 2026 жылғы маусым айында 10,3% болды. Мамырда бұл көрсеткіш 10,4% еді. Ал айлық есепте баға 0,8% өсті, ал мамырдағы айлық өсім 0,7% болған.

Коммуналдық тарифтер ішінде ең қатты қымбаттағаны – газ. Маусымда оның бағасы жылдық мәнде 14,8% өсті. Одан кейін қатты отын, яғни көмір – 7,6%, электр энергиясы – 5,5%, домофон қызметі – 5,2%, тұрғын үйді күтіп ұстау төлемі 5% қымбаттаған.

Ал кейбір қызметтер шамалы арзандаған. Суық су тарифі 40,8% арзандаған, қоқыс шығару ақысы 0,8% төмендеген. Орталықтан жылыту бағасы іс жүзінде өзгермеген деуге болады – өсім небәрі 0,1%.

Қысқаша айтқанда, маусымда инфляция жалпы деңгейде аздап бәсеңдегенімен, коммуналдық шығындар ішінде газ, электр энергиясы, көмір және тұрғын үйге қатысты төлемдер халық бюджетіне қысым түсіріп отыр.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан үкіметі биыл инфляцияны 10 пайыздан асырмауды жоспарлап отыр.