Жаңалықтар

Қаскелең шатқалындағы көпірді өзен зақымдады

Қаскелең шатқалындағы көпірді өзен зақымдады / Фото: Depositphotos.com

Алматы облысында 1 шілдеде Қаскелең өзені арқылы өтетін көпірдің аралық құрылымы қирады, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қатты жауын-шашын салдарынан су деңгейі күрт көтерілді. Ақсай өзені бойынша су шығыны секундына 6 м³ құрап, көпжылдық орташа нормадан асып кетті. Кейбір учаскелерде су арнасынан шықты. Қаскелең өзеніндегі гидротехникалық құрылыстың жанында да күшті ағын байқалды.

«Қаскелең шатқалында өзен арқылы «Искра» бау-бақша қоғамына апаратын көпірдің аралық құрылымы қирады. Құрылыстың ұзындығы – 15 м, ені – 4 м. Көпір 2018-2019 жылдары тұрғындардың қаражаты есебінен салынған бау-бақша ішіндегі жолда орналасқан. Ол жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде (балансында) жоқ», – деп хабарлады әкімдіктен.

Посмотреть в Threads

Оқиға орнына Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек барды.