
Ресейдің Краснояр өлкесіндегі Минусинск ауданында балалар мінген автобус жол жиегіне аударылып, екі адам зардап шекті.
Іnterfax ақпаратына қарағанда, апат салдарынан бір әйел мен 15 жастағы жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Полицияның хабарлауынша, автобус салонында 27 бала болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Hyundai автобусы балалар лагерінен қайтып келе жатқан. Жолдың 32-шақырымында қарсы бағытқа Kia Sportage көлігі шығып кеткен. Соқтығысуды болдырмау үшін автобус жүргізушісі рульді оңға бұрып, көлік жол жиегіне шығып, аударылған.
Ал Kia Sportage көлігінің жүргізушісі полицияға рөлде отырып ұйықтап кеткенін айтқан.
Ал Қазақстанның Қызылорда облысында 47 шетел азаматы мінген автобус жүк көлігімен соқтығысқан еді.