Жаңалықтар

Сөз бостандығы мен ақпарат тарату заңына түзетулер енгізіліп жатыр

Сөз бостандығы мен ақпарат тарату түзетулер енгізіліп жатыр
Сөз бостандығы мен ақпарат тарату түзетулер енгізіліп жатыр / коллаж kursiv.media

Жаңа Конституцияның талаптарына сәйкес 18 заңға түзетулер енгізіліп жатыр. Оның ішінде сөз бостандығы мен ақпарат таратуға қатысты заң бар. Бүл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Министр енгізіліп отырған түзетулер «діни ұйымдардың қызметі, бейбіт жиналыстарды өткізу, волонтерлік қызметті қолдау, қайырымдылық, мәдениет, кинематография» туралы заңдарға қатысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар Балаева «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сай Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңның күші жойылғанын атап өтті.

«Осыған байланысты кеше «Қазақстанның Халық Кеңесі» Хатшылығын құру туралы Президент Жарлығына қол қойылды», – деді ол.

Сондай-ақ бірқатар заңнамалық түзетулер пакеті әзірленді. Оның аясында алғаш рет «этномәдени бірлестіктер» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітіліп, Достық үйлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды қаржыландыру тәртібі айқындалды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи миссиясының аяқталуына байланысты этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр», – деп атап өтті Аида Балаева.

Бүгін, 1 шілдеде елде ресми түрде жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – Қазақстан тарихындағы үшінші Ата Заң.

Күшіне енетін Конституцияға сәйкес, Сенат жойылып, бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталатын болады.