
1 сәуірдегі дерек бойынша, Қазақстанның сыртқы борышы 182 млрд доллардан асты. Ұлттық банк статистикасына сәйкес, борыш басынан бері 0,9 миллиард долларға өскен. Мұндай өсім бағалаудың өзгеруі мен басқа да ішкі себептерге байланысты болды.
Қарыздың басым бөлігі, яғни 87,1%-ы – ұзақ мерзімді қарыздар. Бұл ақшаны қайтаруға 1 жылдан астам уақыт бар дегенді білдіреді. Ұзақ мерзімді қарыздың жақсы жағы – дәл қазір төлейтін ақша таппай қалу қаупі аз. Бірақ әлемдік нарықта жағдай өзгерсе, қарызды өтеу қиындауы мүмкін.
Қазақстан бұл ақшаны кімнен және қалай алды?
Қарыздың 69,2%-ы – шетелден алынған несие мен кредиттер. Ал 13,0%-ы – шетелдіктердің қолындағы біздің борыштық бағалы қағазда
Қазақстанның сыртқы борышының секторлар бойынша бөлінісіне көз жүгіртсек, басым үлесі жеке кәсіпкерлер мен компаниялардың қарызына тиесілі. Бірақ бұл сектордағы көрсеткіштер тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Мәселен, жеке сектордың қарызы алдымен 139,0 миллиард доллардан 134,5 миллиард долларға дейін төмендеп, кейін қайта өсіп, 138,1 миллиард долларды құрады.
Ал мемлекеттің өз қарызы болса, керісінше, тұрақты өсіп келеді. Ол 2025 жылдың ортасында 14,7 млрд доллар болса, 2026 жылдың сәуірінде 18,9 млрд долларға жетті.
Темлекеттік банктер мен компаниялардың қарызы да жыл санап артп келеді. Бұл сектордағы міндеттемелер бір жыл ішінде 18,9 млрд доллардан 25,7 млрд долларға дейін көбейді.
Бұл ретте мемлекет кепілдік берген қарыз, яғни компаниялар төлей алмай қалған жағдайда мемлекет өтеуге міндетті болатын борыш көлемі өте тұрақты. Бір жыл бойы 3,2–3,3 млрд доллар деңгейінде сақталып тұр.
| Мерзімі | Мемлекеттік қарыз, млрд доллар | Мемлекеттік компаниялар мен банктер | Жеке сектор (Бизнес) | Анықтама: Мемлекет кепілдік берген қарыз |
| 01.07.2025 | $14,7 | $18,9 | $139,0 | $3,2 |
| 01.10.2025 | $16,2 | $20,8 | $134,5 | $3,2 |
| 01.01.2026 | $18,6 | $25,2 | $138,0 | $3,3 |
| 01.04.2026 | $18,9 | $25,7 | $138,1 | $3,3 |
Сыртқы борыш бойынща Орталық Азия елдері арасында Қазақстан көш бастап тұр.