
Pinduoduo, Amazon, AliExpress және Temu сияқты шетелдік маркетплейстерден тауар сатыла алуға қатысты жаңа талап кейінге қалдырылды. Жаңа ереже 1 шілдеден күшіне енуі тисі еді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері жаңа тәртіпті жаздың ортасынан бастап енгізуді көздеген болатын.
Бұған дейін бекітілген жоспар бойынша, шетелден келетін пошта жөнелтілімдері енді «жеке пайдалануға арналған тауарлар» санатына жатпайтын. Олар үшін «электрондық сауда тауарлары» деген бөлек санат енгізіліп, арнайы кедендік декларация толтырылуы тиіс болған.
Жаңа жүйеде де тауарды баж салығынсыз әкелу шегі 200 еуро деңгейінде қалады. Бірақ сәлемдеме құны бұл сомадан асып кетсе, тек асып тұрған бөлігінен емес, тауардың жалпы құнынан 5% бірыңғай баж салығы (әр келісіне 1 еуродан кем емес) және 16% ҚҚС төленуі тиіс еді.
Алайда одаққа мүше мемлекеттердің бірі қажетті ішкі құжаттарды ресімдеп үлгермеді.
Ортақ ереже барлық елде бір уақытта іске қосылуы шарт, сондықтан оның мерзімі белгісіз мерзімге ауыстырылды. Осыған байланысты құзырлы орган сауда операторлары мен бизнес өкілдеріне бұл өзгерісті алдын ала ескеруді ескертті.
Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша, белгіленген шектен асқан сомадан ғана 15% мөлшерінде бірыңғай төлем алынады.