
УЕФА клубтардың қаржылық ресурстарын бақылау жөніндегі органының (CFCB) Бірінші палатасы қаржылық тұрақтылық талаптарын бұзды деп танылған 14 клубқа сөзсіз тәртіптік шара қолданды.
CFCB 2025/26 жылғы маусымдағы УЕФА клубтық жарыстарына қатысатын клубтарды бағалауды аяқтады және бүгін қаржылық тұрақтылық талаптарын бұзған клубтарға қатысты бірқатар шешімдерді жариялады.
CFCB Бірінші палатасы «Ньюкасл Юнайтед» (Англия), «Ювентус» (Италия), «Ницца» (Франция), «Санта-Клара» (Португалия), «Астана» (Қазақстан) және «Партизан» (Сербия) футбол клубтарының футболшылардың табысы туралы ережені сақтамағанын анықтады, бұл ереже алғаш рет 2025/26 жылғы маусымда үш жылдық жиынтық көрсеткіш негізінде бағаланды. CFCB бағалауы 2023, 2024 және 2025 жылдары аяқталатын қаржылық жылдарды қамтыды.
УЕФА мәліметінше, «Астана» ФК мен «Партизан» ФК футболшылардың табысы туралы ережені шамалы бұзғаны анықталған командалардың қатарында болып, оларға тиісінше 100 мың және 200 мың еуро айыппұл салынды.
УЕФА CFCB-нің түпкілікті дәлелді және орындалуы міндетті шешімдерін кейінірек, белгіленген мерзімде жариялауға уәде береді.
Бұған дейін «Астана» футбол клубының жаңа бас директоры тағайындалғаны белгілі болған еді.