Жаңалықтар

Айым Сейтметова, Бота Миа мен Мадлен Қырғызстандағы сән көрсетіліміне қатысты

Қырғызстандағы сән көрсетілімі
фото: коллаж Kursiv Media

Танымал блогерлер Қырғызстандағы сән көрсетілімінде қонақ болды. Олардың арасында Ақбота Нұрақын (Бота Миа), Айым Сейтметова және Мадинахон Мамадалиева (Мадлен) бар. Сахнадан 2025 жылы Мисс Қазақстан атанған Дана Алмасова да көрінді.

Бьюти және лайфстайл контент арқылы танылған блогерлер қырғыз дизайнері Арзубек Аманов ұйымдастырған сән көрсетіліміне қатысқан. Vonama Cult Show деп аталатын шоуда Амановтан бөлек өзге де қырғыз дизайнерлері туындыларын таныстырды. Олар тіккен киім үлгілерін қазақ және қырғыз модельдері, блогерлер мен әншілер киіп шықты.

Ақбота Нұрақын дизайнер Амира Таштанбекованың туындысын киіп көрсетті. Оның көйлегінде қырғыз балеринасы Бибісара Бейшеналиева бейнеленген.

фото: botamia парақшасынан

Блогерлерден бөлек сән көрсетілімінде танымал әншілер де бой көрсетті. Кешью тобының солисі Ләззат Сұлтанова арнайы ән айтты. Ал көрсетілімнен кейін болған after party-да Қайрат Нұртас көрінді.

Шоудың авторы – Арзубек Аманов белгілі қырғыз дизайнері, Vonama брендінің иесі. Бұған дейін ол 2023 жылы халықаралық сұлулық байқауына қатысқан қазақ қызы Томирис Заирға арнайы сақ патшасы Томирис бейнесіндегі киім тіккен еді.

Тағы да оқыңыз: Сеулде модельдер мен роботтар қатар сән көрсетті