Авто

Алматы метросында жолаушыларға жаңа шектеулер енгізілді

Алматы метросы
Метроға алып кіруге болмайтын заттар тізімі жарияланды/фото: shutterstock

Алматы метрополитеніне алып кіруге болмайтын заттар тізімі жарияланды. Тізімге енді электрвелосипедтер, электрсамокаттар, велосипедтер (балалар велосипедтерін қоспағанда), скейтбордтар, моноциклдер қосылды.

Бұл шара жолаушылар мен метрополитен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында қабылданып жатыр.

Ескеретін жайт, метроға балалар арбасы мен мүгедектігі бар адамдардың арбасын алып кіруге болады.

Бұған дейін Алматы метросы жаңа «Қалқаман» бекетінің видеосын жариялады. Бекет 2026 жылдың желтоқсанында ашылады.