Жаңалықтар

Астанада 2030 жылға дейін сүрілетін үйлердің тізімі бекітілді

Астанада 2030 жылға дейін қандай үйлер сүріледі / Фото: shutterstock.com

Астанада тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы аясында сүрілетін үйлердің тізімі бекітілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің қаулысында жарияланды.

Бағдарлама 2026–2030 жылдарға арналған. Осы кезеңде апатты деп танылған 174 тұрғын үйді сүріп тастау жоспарланып отыр.

Ал 2026 жылы реновация бағдарламасына 675 пәтері бар 25 тұрғын үй енгізілген. Олардың басым бөлігі Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан.

Бағдарламаға қандай үйлер енгізілді

Реновация бағдарламасына тозу деңгейі 60 пайыздан асқан тұрғын үйлер енгізіледі. Олардың қатарында:

  • кеңес дәуірінде салынған 1–5 қабатты тұрғын үйлер;
  • жатақханалар;
  • 1929–1989 жылдар аралығында салынған және апатты деп танылған тұрғын үйлер бар.

Тұрғындарды қалай көшіреді

Пәтер иелеріне «шаршы метрге – шаршы метр» қағидаты бойынша жаңа баспана ұсынылады.

Бұл дегеніміз:

  • жаңа пәтердің жалпы ауданы бұрынғысынан кем болмайды;
  • бөлме саны өзгеруі мүмкін, бірақ жалпы ауданы бұрынғыдай немесе одан үлкен болады;
  • жаңа пәтерлер конкурс арқылы сатып алынады және барлығы толық әрленген күйде тапсырылады.

Тұрғындар көшірілгеннен кейін ескі үй сүріледі. Ал босаған жер учаскесі бас жоспарға сәйкес жол, мектеп, тұрғын үй кешендері немесе қаланың өзге де инфрақұрылым нысандарын салуға пайдаланылады.

2026 жылы қандай үйлер сүріледі

Реновация бағдарламасының алғашқы кезеңіне 25 тұрғын үй енгізілді.

МекенжайЖылыПәтерАудан
1С. Сейфуллин, 18/319593Сарыарқа
2С. Сейфуллин, 18/419534Сарыарқа
3С. Сейфуллин, 18/519584Сарыарқа
4Сеченов, 619536Сарыарқа
5Сеченов, 819536Сарыарқа
6Молдағұлова, 18/219516Сарыарқа
7Молдағұлова, 18/319466Сарыарқа
8Кенесары, 1919596Сарыарқа
9Кенесары, 2119599Сарыарқа
10Герцен, 2А19589Сарыарқа
11Құтпанов, 2419616Сарыарқа
12Ұланбел, 319705Сарыарқа
13Алтынсарин, 1419526Сарыарқа
14Дүкенұлы, 319563Сарыарқа
15Дүкенұлы, 519563Сарыарқа
16Атбасар, 119768Сарыарқа
17Абай, 87/119698Байқоңыр
18Абай, 87/2197032Байқоңыр
19Құсжолы, 8195616Байқоңыр
20Бөгенбай батыр, 54Г19564Байқоңыр
21Жүнісов, 719564Байқоңыр
22Толстой, 5/119604Байқоңыр
23Ж. Досмұхамедұлы, 41975170Байқоңыр
24Ж. Досмұхамедұлы, 81977171Байқоңыр
25Ж. Досмұхамедұлы, 121982176Байқоңыр
Дереккөз: Krisha.kz

Айта кетейік, Алматыда Алатау және Жетісу аудандарындағы жер телімдерін сатып алу басталды. Тиісті қаулыға қала әкімі қол қойды. Аталған жер телімдері мемлекет қажеттелігі үшін сатып алынып, ондағы нысандар сүріледі. Сүрілетін аумақтарда кәріз-сорғы станцияларын салу жоспарланған.