Жаңалықтар

Елде логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізіледі

Smart Cargo цифрлық платформасы
Smart Cargo цифрлық платформасы енгізіледі / фото: Ақорда

Елдегі логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізіледі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында айтты.

Айтуынша, Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрлық тұрғыдан трансформациялау айтарлықтай алға жылжыды. Көміртегін өндіру мен өңдеу нысандарының цифрлық көшірмесін құруға айрықша назар аударылып отыр.

Сонымен қатар шикізат өндіруден бастап сатуға дейінгі барлық жеткізу тізбегін қамтитын мұнай мен мұнай өнімдерін кешенді бақылау жүйесі енгізілуде.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы жасанды интеллект саласындағы инновациялық шешімдерді сынақтан өткізуге арналған сенімді алаң қызметін атқарады. Орталық FinTech Lab реттеу алаңдары арқылы ағылшын құқығының артықшылықтарын және әлемдегі ең үздік деректерді қорғау жүйелерінің бірін ұсынады. Түптеп келгенде, АХҚО ашық бизнес ережелерін, сенімді құқықтық қорғауды және деректер қауіпсіздігін сақтаудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді», деді Президент.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық ынтымақтастықтың анағұрлым перспективті бағыттарына тоқталды.

Президент аса маңызды материалдар саласында ашықтық пен технологиялық экожүйе қалыптастыруды басым міндет ретінде атады.

«Біз Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қостық. Бұл жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін лицензиялауға және бақылауға қатысты 22 мемлекеттік қызметті автоматтандырды. Бұрын тек қағаз және магниттік форматтарда ғана болған 4,7 миллионнан астам архивтік геология құжаттары мен материалдары бірыңғай ұлттық цифрлық қорға көшірілді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстанда әр отбасының әлеуметтік жағдайын нақты анықтау үшін жаңа жүйе енгізілгелі отыр. Ол жерде әр отбасының нақты шығыны мен қарызы, төлейтін несиесі туралы мәліметтер жинақталады.