
Швеция сотының шешімімен америкалық Google корпорациясы Швециядағы Klarna қаржылық технология сервисіне 14,3 миллиард крон (1,5 миллиард доллар) өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Сот мәліметінше, Google компаниясы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыпты. Енді Google Klarna компаниясы дер кезінде ала алмай қалған табысын өтеуі тиіс.
Бұл Швеция тарихында монополияға қарсы істер бойынша сот тағайындаған ең ірі айыппұл. Ал Google тарапы сот шешімімен келіспейтінін және алдағы қадамдарын пысықтап жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Еуроодақ та Google-ді өз платформаларына басымдық бергені үшін монополияға қарсы нормаларды бұзды деп бірнеше рет айыптаған еді.
Ол кезде де дәл Швециядағыдай цифрлық жарнама орналастыру мен бағаны салыстыру сервистері туралы сөз болған болатын.
Айта кетейік, Калифорния соты азаматтардың деректерін заңсыз жинағаны үшін Google-ға 314 млн доллар көлемінде айыппұл салған еді.