Жаңалықтар

Қазақстан Ресейге нарықтық шарттармен жанар-жағармай сатуға дайын

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай сатуға дайын / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Энергетики министрлігі Ресейдің Қазақстаннан ресми түрлері жанар-жағармай сұрағанын жоққа шығарды. Дегенмен Қазақстан Ресейге нарықтық шарттармен жанар-жағармай сатуға дайын.

«Ресей Федерациясы Үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай материалдарын жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын», – делінген хабарламада.

Мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық келісім мен коммерциялық шарт артық отын болса ғана жасалады.

«Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету – сөзсіз басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін», -дейді Энергетика министрлігі.

Бұған дейін шетелдік басымлымдар Ресей отын дағдарысына байланысты Қазақстаннан 50 мың тонна жанар-жағармай сұратып жатқанын хабарлаған. Алайда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ондай ұсынысты түспегенін айтты.

Украин дрондары кейінгі кезде Ресейдің энергетика нысандарына қайта-қайта соққы жасап, көрші елде отын тапшылығы орын алды. Соның салдарынана Ресейдің ірі жүк көліктері Қазақстанды арзан отын бекетіне айналдырып, толтырып бен құйып алып кетіп жатыр.