Жаңалықтар

«Семей орманы» найзағайдан кейін екі рет өртенді

орман өрті
«Семей орманы» найзағайдан кейін екі рет өртенді / фото: shutterstock

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында бір күнде екі бірдей өрт оқиғасы тіркелді. Төтенше жағдай 2026 жылы 2 шілдеде болды.

Қуанышқа орай, резерватта орнатылған өртті ерте анықтаудың заманауи жүйесі (СРО) өз тиімділігін көрсетті. Арнайы қондырғылар қауіпті дер кезінде тіркеп, мамандардың жедел әрекет етуіне мүмкіндік берді. Нәтижесінде тілсіз жау қысқа мерзім ішінде оқшауланып, толықтай ауыздықталды.

Өрттің шығу себебі не?

Мамандардың мәліметінше, қос өртке де найзағай разряды себеп болған. Резерват аумағында соңғы күндері найзағайлы фронттардың жиілеуіне байланысты орман өртінің туындау қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Фото: ТЖМ

Мамандар өрт қауіпті маусымда табиғат аясында демалушыларды барынша сақ болуға шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерват паркі 100% заманауи техникамен жаңартылғанын жазған едік.