Қоғам

Шетелдегі қылмысқа қатысы бар 500 адамға Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Полиция
Полиция жыл басынан бері жүргізілген жұмыс нәтижесін жариялады/ Фото: Аскар Ахметуллин

Ішкі істер министрлігі шет елдердегі қылмыстарға қатысы бар 500-ден астам адамға ел аумағына кіруге тыйым салды.

Полиция жыл басынан бері трансұлттық сипаттағы фактілер бойынша 38 қылмыстық істі тіркеген. Одан бөлек ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 30-дан астам қылмыстық топ қызметін тоқтатты.

«Полиция кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарында жасалған және өзге де қылмыстарға қатысты 270-тен астам бопсалау фактісін анықтады», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жазасын өтеп жатқан қылмыстық орта өкілдерінің мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбауы және қызметкерлерге қауіп төндіру фактілері бойынша 50-ден астам қылмыстық іс тіркелді.

Трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл барысында ІІМ бастамасымен «заңдағы ұры» деп аталатын санатқа жататын, сондай-ақ шетелдік қылмыстық орта өкілдері саналатын 500-ге жуық адамның Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салынды.

Айта кетейік, маусымда Қазақстан шекарасы арқылы 4,3 млрд теңгенің тауары заңсыз өткізілмек болған