
Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың мамыр айында әлемнің орталық банктері алтын-валюта резервтеріндегі алтын көлемін 41,2 тоннаға арттырды. Қазақстан бір айда 7 тонна алтын сатып алған.
Бұл көрсеткіш бас банктердің қорды бағалы металмен толықтыру бағытына қайтадан белсенді түрде көшкенін айқын көрсетеді.
WGC сарапшысы Марисса Салимнің атап өтуінше, соңғы уақытта орын алған түрлі оқиғаларға қарамастан, орталық банктер алтынның резервтегі рөліне өте оң көзқараспен қарап отыр.
Ұйым жүргізген соңғы сауалнама нәтижелері де осы үрдісті растай түседі. Сауалнамаға қатысқан орталық банктердің 89%-ы алдағы бір жыл ішінде жаһандық деңгейде алтын-валюта резервтеріндегі алтын көлемі өседі деп болжаса, 45%-ы өздері алдытн сатып алатынын білдірген
Мамыр айында алтынды ең көп сатып алған елдердің көш басында Польша тұр, бұл мемлекет өз қорларын 18,2 тоннаға арттырған. Одан кейінгі орындарға 10 тонна алтын сатып алған Қытай және 8,7 тонна қор жинаған Өзбекстан жайғасты.
Осы орайда Қазақстан да бағалы металды сатып алу бойынша әлемдік көшбасшылар қатарынан табылды.
Бүкіләлемдік кеңестің есебі бойынша, Қазақстан мамыр айында алтын резервін 6,9 тоннаға толықтырып, жаһандық деңгейде ең көп сатып алу жасаған үздік 5 елдің қатарына қайта енді.
Нарықтағы белсенді сатып алушылардың бестігін 3,6 тонна алтын иемденген Сингапур түйіндеп тұр. Бұдан бөлек, Чехия (1,7 тонна) мен Иордания (1,1 тонна) да өз қорларын айтарлықтай ұлғайтты.
WGC есептеулеріне сүйенсек, мамыр айында алтын қорын Ресей қатты азайтқан, оның резерві 6,2 тоннаға кеміді. Сондай-ақ негізгі сатушылар қатарында қор көлемін 2,7 тоннаға азайтқан Түркия да бар.
Бұл цифрлар әлемдік орталық банктердің стратегиялық актив ретінде алтынға деген сенімінің жоғары екенін және оны жинақтау үрдісінің қайта жанданғанын көрсетеді.
Дегениен соңғы айда айларда алтын бағасы құбылып тұр. Маусым айында 2025 жылдың қараша айынан бері алғаш рет унциясына 4000 доллардан арзандады.