Экономика

CPC Blend құлдырады: Қазақстан мұнайы наурыздан бергі ең төмен бағаға түсті

Қазақ мұнайы арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы
Қазақ мұнайы арзандады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Бүгінгі дерек бойынша, Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай маркасы CPC Blend барреліне 81,16 доллар болып тұр. Бір күндік өзгеріс – (-1,69 доллар немесе -2,04%). Графиктегі динамикамен сәйкес баға маусымның басындағы жоғары деңгейлерден кейін күрт төмендеп, наурыздағы деңгейге қайта жақындады.

Салыстыру үшін, Brent мұнайы шамамен 71,9–72,0 доллар аралығында саудаланып жатыр. Reuters дерегінше, 3 шілде күні Brent фьючерстері 71,87 доллар болды, ал OilPrice.com сол уақытта Brent бағасын 72,02 доллар деп көрсетті.

Негізгі себеп – нарықтағы үрейдің азаюы. Бұған дейін бағаны Таяу Шығыстағы шиеленіс, Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалына қатысты қауіп және жеткізілім тапшылығы туралы алаңдаушылық көтерген еді.

Қазір АҚШ пен Иран арасындағы бітімге қатысты үміт күшейіп, Ормұз арқылы кейбір тасымал қайта жандана бастаған. Reuters жазуынша, Парсы шығанағындағы өндірушілер де жеткізілімді арттыруға кіріскен, ал нарық құрылымы тапшылық қаупінің азайғанын көрсетіп отыр.

Тағы да оқыңыз: Өзбекстанда АИ-92 бензині қатты қымбаттады.