Жаңалықтар

Курчатов электр станциясының құрылысы басталды

Курчатов электр станциясының құрылысы
Электр станциясының пішіні / фото: Абай облысы әкімдігі

3 шілдеде Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды. КЭС жылына 700 Мегават электр қуатын өндіреді. Оған 881 млрд теңге инвестиция жұмсалады.

Жаңа электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, «Курчатов» КЭС жобасының инвесторы Темірлан Өтегенов қатысты.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов электр станциясының құрылысын бастады
КЭС іртетасын қалау рәсімі / фото: Абай облысы әкімдігі

Жаңа электр станциясы елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, электр қуаты тапшылығын азайтады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жобаны іске асыру мерзімі 2026–2032 жылдарға жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі – 881 млрд теңге. Станция толық пайдалануға берілгеннен кейін жылына 5 млрд кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді.

Құрылыс кезеңінде 5 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылса, станция іске қосылғаннан кейін 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Осы аптада Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталатыны мәлім болған.