Lifestyle

Рамазан Стамғазиев SCAT «тосын сыйларына» таңырқады

instagram.com/ramazan_stamgazy, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Фото: instagram.com/ramazan_stamgazy, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстандық дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев SCAT әуекомпаниясының қызметіне көңілі толмайтынын білдірді.

Әнші әлеуметтік желіге әуежайдағы жағдайды көрсететін бейнежазба жариялады. Онда әуежай қызметкерлері мен жолаушылар арасындағы кикілжің көрсетілген. Әйел адамдар даурығып, айғайға басып, бірін-бірін кінәлап жатыр.

Екінші қысқа бейнежазбада Рамазан Стамғазиев бұл оқиғаға қысқаша түсініктеме берді.

«Достар, бұл – SCAT әуекомпаниясының бізге жасап жатқан «тосын сыйлары». Екі сағат бұрын ұшатын болған. Сағат алты жарымнан бері әлі отырмыз. Не өкілдердері де келмейді. Осында қаншама халық, қаншама адамдар отыр. Міне, мұнда балалар да бар. Бір-біріне сілтеп отыр. SCAT-қа болашақта басқа көзбен қарау керек шығар», – деді әнші.  

Айта кететін жайт, былтыр Алматыда Домбыра күнінде Рамазан Стамғазиев және басқа танымал өнерпаздар өнер көрсеткен еді.