
Хорватияны тізе бүктіріп, 1/8 финалға жолдама алған Португалия құрамасы жеңістен кейін марқұм Диогу Жотаны еске алды. Тура 3 шілде күні Диогу мен оның бауырының жол апатынан қаза тапқанына бір жыл толған еді.
Көкке бағытталған ишара мен 21-нөмір
Матч аяқталған соң құрама капитаны Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында Жота киген 21-нөмірлі жейдемен алаңға шықты. Капитан қолын көкке созып, жеңісті қайтыс болған досына арнады. Кейіннен бүкіл команда бұл сәтті ортақ суретке түсіріп, естелікке қалдырды.

Криштиану Роналду өзінің инстаграм парақшасында:
«Біз бұл ойында Диогу мен Португалия үшін ойнадық. Алға!!!!» – деп жазба қалдырды.
Сондай-ақ ол өз сөзінде бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті:
«Бізді жоғарыдан жебеп тұрған Жотамыз үшін ерекше күн болды. Оның жанымызда екенін сездік және оның аруағын лайықты түрде ұлықтау үшін бүгін міндетті түрде жеңіске жетуіміз керек еді».
Диогу Жота мен оның 21-нөмірі әлі күнге дейін осы команданың ажырамас бөлігі болып қала бермек. Өткен жылдың шілде айында Диогу Жота мен оның бауыры Андре Силва Испанияның солтүстік-батысында орын алған жол-көлік оқиғасынан қаза тапты.
Енді 1/8 финалда Португалия құрамасы Испания командасымен кездеседі.