Жаңалықтар

СҚО-да 40 жастағы ер адам 13 жасар қызды зорлады

shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында 40 жастағы ер адам 13 жасар қызды зорлап, түні бойы үйіне жібермей ұстап отырған.  

Zakon.kz ақпаратына қарағанда, жәбірленуші кешке дүкеннен шыққан кезде, ер адам оны көріп, мотоциклмен қыдыруды ұсынған. Қыз келіскен көрінеді. Содан кейін ол оны ауылдан алып кеткен. Жасөспірімді түні бойы іздеп, таңертең көрші елдімекеннен тапқан.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікпен Айыртау ауданының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп жауап берді СҚО Полиция департаменті.

Тергеу Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Ал Алматы облысында 15 жастағы оқушы қызды екі ай ішінде 8 адам зорлағаны айтылды.