
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші теннисшісі мәртебесіне таласу мүмкіндігін жіберіп алды. Ол Уимблдон турнирінің үшінші айналымында-ақ сүрінді.
Елена Рыбакина мен Элизе Мертенс арасындағы матч екі сетке созылды. Румыниялық теннисші қарсыласын 7:6, 6:1 есебімен жеңді.
Рыбакина матч барысында екі мәрте эйс орындап, допты ойынға қосудан алты рет қателесті. Ол өз добын төрт мәрте жоғалтты. Бүгін Елена бірінші добын сәтсіз орындады – бар болғаны 42%. Соған байланысты ол өзіне тән теннис көрсете алмады.
Қазақстанның үздік теннисшісі Уимблдон турнирінде сәтті өнер көрсеткен жағдайда әлемнің бірінші теннисшісі атанар еді. Алайда жарысты ерте аяқтағандықтан осы мүмкіндікті тағы да жіберіп алды. Қазір Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұр.
Бүгін Лондондағы кортқа тағы бір қазақстандық Александр Бублик шығады. Ол үшінші айланымда Фрэнсис Тьяфуға қарсы ойнайды.
Тағы оқыңыз: Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйреніп жүр