
Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров саяси ұйымды әрі қарай басқара береді. 4 шілдеде Астанада өткен кезектен тыс съезде осындай шешім қабылданды.
Партия мүшелері Қожаназаров уәкілетін созуды қолдап дауыс берді. Мәжілістің бұрынғы депутаты саяси ұйымды тағы үш жыл басқарады.
Respublica съезі Құрылтай сайлауы қарсаңында ұйымдастырылды. Саяси науқан 23 тамызға белгіленген.
Айта кетейік, парламент сайлауы қарсаңында саяси аренада елеулі өзгерістер болып жатыр. Мәселен, Amanat партиясы биыл ғана құрылған «Әділетке» қосылған. «Ақ жол» партиясының басшысы ауысты: Азат Перуашевтің орнына Дания Еспаева келді. Қазақстан халық партиясының басшы Ермұхамет Ертісбаев қызметін Нұрсұлтан Шоқановқа тапсырды. Бұған қоса, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев өз еркімен кетіп, оның орнына Қайрат Айтуғанов келді.