Жаңалықтар

Марокко Канаданы жеңді, Мбаппе Мессиді қуып жетті: ӘЧ ширек финалистер анықталды

Француз Килиан Мбаппе забивает пенальти
Әлем чемпионатында алғашқы ширек финалистер анықталды / Фото: FIFA

4 шілде кешке және 5 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалдың алғашқы матчтары өтті.

Канада – Марокко: 0:3

Үзіліске командалар ешбір голсыз кетті, ал матчтағы ең басты оқиғалар екінші таймда орын алды. Алдымен Аззедин Унаи (50-ші және 82-ші минуттар) дубль жасаса, қосымша уақытта Суфьян Рахими жеңісті нүктені қойды.

Марокко құрамасы 2022 жылы Қатарда өткен Әлем чемпионатында жартылай финалға жеткен алғашқы африкалық ел атануы кездейсоқ еместігін дәлелдеп келеді. Енді олар 10 шілдеде Франция құрамасымен ойнайды.

Парагвай – Франция: 0:1

Бұл ойында табло ұзақ уақыт өзгеріссіз қалды. Тек 70-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындаған Килиан Мбаппе есепті өзгертті.

Осы соққан жетінші голының арқасында француз құрамасының шабуылшысы әлем чемпионатында соғылған доптар саны бойынша аңызға айналған аргентиналық Лионель Мессимен теңесті.

6 шілдеге қараған түні 1/8 финал

01.00. Бразилия – Норвегия.

05.00. Мексика – Англия. (Астана уақытымен көрсетілген)

Қазақстанда әлем чемпионатының матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.