
ОПЕК+ ұйымына мүше жеті ел 5 шілдеде өткен онлайн кездесу барысында тамыз айында мұнай өндіру көлемін арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтындағы хабарламада жазылған.
«Қатысушы жеті ел 2023 жылдың сәуір айында жарияланған қосымша ерікті түзетулермен салыстырғанда, өндіріс көлемін тәулігіне 188 мың баррельге түзетуді (ұлғайтуды) ұйғарды», – делінген хабарламада.
Елдердің нарық жағдайын жіті қадағалап, бағалауды жалғастыратыны, соған байланысты бұл түзетулердің кейіннен ішінара немесе толығымен жойылуы мүмкін екендігі атап өтілген.
Сондай-ақ, өкілдер Ынтымақтастық туралы декларацияны сақтауға, соның ішінде өндіріс көлемін қосымша ерікті түрде түзетуді орындауға ұжымдық бейілділіктерін растады. Бұл үдерісті Бірлескен министрліктің мониторинг комитеті (БММК) бақылайтын болады.
Альянс қатысушылары нарық конъюнктурасын, келісімдердің орындалуын және өтемақыларды шолу үшін ай сайын кездесулер өткізу ниетін тағы да мақұлдады. Келесі кездесу 2026 жылдың 2 тамызында өтеді.
Еске сала кетейік, бүгінгі таңда ОПЕК+ құрамына жеті ел кіреді. Олардың қатарында Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман бар.
Айта кетейік, Шілдеде Қазақстаннан Еуропаға жөнелтілетін мұнай көлемі қысқарады.