Жаңалықтар

Павлодар облысында зейнеткер көлге батып кете жаздады

спасатели құтқару
Павлодар облысында зейнеткер көлге батып кете жаздады / Фото: ТЖМ

Павлодар облысында ТЖМ қызметкерлері Жасыбай көлінде шомылу кезінде бата бастаған 67 жастағы ер адамды құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зейнеткерді аман алып қалу мүмкін болды, деп хабарлайды ТЖД.

Көлде демалып жатқан азаматтар судағы ер адамға шұғыл көмек қажет екенін түсінген бойда 112 нөміріне қоңырау шалған.

Өз кезегінде құтқарушылар қайықпен зардап шегушіге жедел жетіп, оны жағаға шығарды.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жүзу құралын пайдалана отырып, судан 1959 жылы туған ер адамды шығарды. Жағада оған бірден реанимациялық шаралар жүргізіліп, содан кейін зардап шегуші жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», – делінген хабарламада.

ТЖМ суда демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және өз күшіңді асыра бағаламау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, құтқарушылар тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылуға болатынын еске салды.

Екі күн бұрын Қонаевтағы Қапшағай су қоймасында екі қазақстандықтың суға батып кеткенін жазған едік. Қайғылы оқиға 1 шілдеде «Джаса» демалыс аймағының ауданында орын алды. ТЖД мәліметінше, жастар – 2006 жылы туған бойжеткен мен 2004 жылы туған ер адам жабдықталмаған орында шомылған. Оларды құтқару мүмкін болмады.