Жаңалықтар

Жаңбыр және қатты ыстық: алдағы үш күнде үлкен қалаларда ауа райы қандай болады

ауа райы
Алдағы үш күнде үлкен қалаларды ауа райы қандай болады / Фото: Shutterstock

«Қазгидромет» Қазақстанның мегаполистеріндегі 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астана

  • 5 шілде: көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.
  • 6 шілде: көшпелі бұлт, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.
  • 7 шілде: көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С.

Алматы

  • 5 шілде: көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8, мезгіл-мезгіл екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.
  • 6 шілде: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.
  • 7 шілде: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+33°С.

Шымкент

  • 5 шілде: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +33+35°С.
  • 6 шілде: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +34+36°С.
  • 7 шілде: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С.