Жаңалықтар

«50 мың доллар!»: Еркебұлан Тоқтардың мәрттігі Орталық Азия елдерін тәнті етті

Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram
Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram

Актер әрі жауынгер Еркебұлан Тоқтардың жас жігіттің анасының еміне 50 мың доллар бергені Орталық Азия халықтарын қатты сүйсіндірді.

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның азаматтары бұл бейнежазбаны бірінен кейін бірі жариялап, ыстық лебізін білдіріп жатыр.

Өзбек және қырғыз тілдердерінде жаратушыдан Еркебұланның бұл жақсылығын еселеп қайтаруды сұраған жазбалардан аяқ сүрінеді.  

Жауынгер алда өтетін жекпе-жегінің гонорарын ертерек сұрап алып, 50 мың АҚШ долларын жас жігіттің ісік ауруына шалдыққан анасының еміне береді.

«Мен жеңуге уәде беремін, сендер де ісікті жеңеміз деп уәде беріңдер! Алла шипасын берсін! Бауырларың, достарың көп болуы мүмкін. Бірақ анаң жалғыз. Оны жоғалтуға болмайды!» – деген Еркебұланның сөздері бүкіл аймақ тұрғындарының көз жасына ерік беруіне түрткі болып отыр.

«Бізде бір нәрсені бір жерге көміп қойсаң да, ұрылар соған көз тігеді. Мұндай болмас үшін жүрек таза, ниет адал болуы керек», – деп жазды бір өзбекстандық оқырман.

Айта кететін жайт, Ақтөбелік полиция қызметкерлері актер әрі жауынгер Еркебұлан Тоқтарға көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салды.