Жаңалықтар

Freedom Ticketon Астанадағы дрон-шоуға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Unsplash

Freedom Ticketon Астанада өткен дрон-шоуға қатысты пікір білдірді. Шоу барысында аспанда компанияның логотипі мен әнші Энрике Иглесиастің концерттері туралы жарнама көрсетілген болатын.

Компания мәліметінше, Freedom Ticketon Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концерттерінің билет операторы әрі жарнамалық серіктесі болғанымен, дрон-шоудың ұйымдастырушысы емес.

Шоуды Aspan Galaxy компаниясы ұйымдастырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дрон-шоу концерттердің коммерциялық жарнама науқанының бір бөлігі болған және Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес барлық қажетті рұқсаттар алынған.

Сондай-ақ олар бұл шоу Астана күніне арналған ресми мерекелік бағдарламаға кірмегенін атап өтті.

Freedom Ticketon әлеуметтік желілердегі сын-пікірлерді назарға алғанын мәлімдеді. Компания өкілдерінің айтуынша, алдағы жобаларда брендтің қатысуымен өтетін іс-шаралар көрермендерге тек жағымды әсер қалдыруы үшін серіктестерімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.

Еске салайық, Энрике Иглесиас Қазақстанға 3 қыркүйекте Астанадағы «Астана Арена» стадионында, ал 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда концерт береді.