Жаңалықтар

Нобель сыйлығының иегері қауіпсіз әрі таза энергия өндіретін технологияны жасамақ

Фото: KursivMedia мұрағаты

2014 жылғы физика саласындағы Сюдзи Накамура Нобель сыйлығының лауреаты адамзатқа «шексіз» таза энергия беретін жаңа технологияны әзірлеуді мақсат етіп отыр.

CNN ақпаратына қарағанда, көк жарықдиодты (LED) ойлап тауып, компьютерлер, смартфондар, жарықдиодты экрандар ме бағдаршамдардың дамуына жол ашқан ғалым енді ядролық синтезге негізделген жаңа эектр станциясын жасағысы келеді.

Накамураның айтуынша, жаңа жоба жоғары импульсті лазерлер арқылы ядролық синтезді жүзеге асыруға негізделеді. Мұндай технология уранды пайдаланбайды. Реактордың балқып кету қаупі болмайды және тиімді әрі экологиялық таза энергия өндіруге мүмкіндік береді.

«Егер бұл мәселені шеше алсақ, оның әлеуеті шексіз болады», – дейді Калифорния университетінің (Санта-Барбара) профессоры.

72 жастағы ғалым зейнетке шығуды ойламайтынын айтып, жұмысын жалғастырып жүргенін жеткізді.

«Зейнетке шығу өте жалықтырады», – деді ол.

Накамура бүгінде әлемдегі ең беделді өнертапқыштардың бірі саналғанымен, мансабының басында оның еңбегі жиі сынға ұшырап, зертханасындағы сәтсіз тәжірибелері үшін келеке болған.

Ал НАСА 2030 жылға дейін Айға ядролық еактор орнатпақ.