Жаңалықтар

Алматыда ер адам өгей әкесін пышақтады

фото: shutterstock

7 шілдеге қараған түні Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінде қайғылы оқиға болды. 34 жастағы ер адам өгей әкесін пышақтады деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен 59 жастағы ер адамды аман алып қала алмады. Марқұмға бірнеше жерден пышақ сұғылып, өте көп қан жоғалтқан.

Полиция күдіктіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ұлы өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Ал жанжал анасына қатысты кикілжіңнен туындаған.

Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бұған дейін, Түркістан облысында мұғалім сот ғимаратында өзіне пышақ салған. Тергеу мәліметінше, ол осылайша жұмыстан заңсыз шығарылғанына қарсылық танытқан.