
2025 жылдың мамыр айымен салыстырғанда, биыл мамырда берілген автокредит көлемі 37,3 %-ға қысқарған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Мамырда 705 млрд теңге автонесие берілген.
Агенттік бұл жағдайды халықтың сұранысы төмендеп, нарықтың толығуымен түсіндіреді. Осы жылдары өткен түрлі акциялар кезінде қазақстандықтар көлікті несиеге көп алып үлгерген. Ал қазір сол тиімді шарттардың әсері аяқталып, нарықтың қызуы басыла бастады.
Мамыр айында тек автонесие ғана емес, жалпы халыққа берілген өзге де қарыз түрлері, соның ішінде тұтынушылық несиелердің өсуін шектеу үшін енгізілген шаралардың әсерінен басқа да бағыттар қысқарды.
Мәселен, азаматтар тұтынушылық мақсаттарға 1,2 миллиард теңге рәсімдеген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға аз.
Сонымен қатар тұрғын үй нарығында да белсенділік төмендеп, қазақстандықтар өткен жылғыдан 4,2%-ға аз ипотека алды. Осылайша мамыр айында берілген тұрғын үй несиесінің көлемі 206 млрд теңге деңгейінде қалыптасып, 7,3 трлн теңгені құрады.
Дегенмен, жаңадан берілетін қарыздардың азайғанына қарамастан, халықтың несие қоржыны бір ай ішінде 0,7%-ға артып, 25,5 триллион теңгеге жетті.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегіне сәйкес, биыл банктерден автонесие алуға түскен 100 өтініштің тек 15-і мақұлданған.