Жаңалықтар

Драмаға толы ойын: Аргентина соңғы минуттарда Мысырдан жеңісті жұлып алды

Soccer Football – FIFA World Cup 2026 – Round of 16 – Argentina v Egypt – Atlanta Stadium, Atlanta, Georgia, U.S. – July 7, 2026 Argentina’s Lionel Messi in action with Egypt’s Mohanad Lashin REUTERS/Paul Childs

Әлем чемпионатының 1/8 финалында жанкүйерлер ұмытылмас, драмаға толы кездесудің куәсі болды. ФИФА рейтингінің көшбасшысы Аргентина құрамасы Мысырмен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің 15-минутында Мысыр құрамасының ойыншысы Ибрахим есеп ашып, фавориттерді есеңгіретіп тастады. Аргентинаның жағдайды тез арада теңестіруге мүмкіндігі болған еді: 21-минутта команда капитаны Лионель Месси пенальтиден мүлт кетті. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталып, Мысырдың пайдасына шешілді.

Екінші тайм тіптен тартысты өтті. 67-минутта Мысыр шабуылшысы Зико есепті 0:2-ге жеткізіп, Аргентинаны тығырыққа тіреді. Осы тұста Лионель Скалони шәкірттері чемпиондық мінез танытты. Кездесудің соңғы 15 минутында Аргентина таңғажайып камбэк жасады:

79-минут: К. Ромеро Мессидің пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты (1:2).

83-минутта пенальтиде мүлт кеткен Лионель Месси қателігін түзеп, Г. Монтиельдің пасын голға айналдырды – 2:2!

90+2-минут: Төреші қосқан қосымша уақытта Э. Фернандес Л. Мартинестің пасынан кейін жеңіс голын соғып, стадионды дүр сілкіндірді (3:2).
Осылайша, 0:2 есебімен ұтылып жатқан Аргентина керемет ерлік көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. Ал соңына дейін аянбай шайқасқан Египет құрамасы турнирмен қимастықпен қоштасты.

Месси биылғы әлем чемпионатында сегізінші голын соғып сұрмергендер тізімінде Мбаппе мен Холандтты артқа тастап, көш бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роналду бастаған Португалия құрамасы Әлем чемпионатынан шығып қалған еді.