Жаңалықтар

Шетелдік көліктердің Қазақстанға кіруіне шектеу енгізілді

Қазақстанда көліктердің шекарадан кіруіне шектеу енгізілді
Қазақстанда көліктердің шекарадан кіруіне шектеу енгізілді / фото: kursiv.medi

Жанар-жағармай өнімдерін Қазақстан шекарасынан көрші елдерге заңсыз тасымалдайтындардың қатары көбейіп кетті. Соған байланысты шетелдік ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды, енді олар қазақ шекарасын күніне бір-ақ рет кесіп өте алады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты.

Вице-министрдің айтуынша, қолданыстағы шаралардың бірі – шекаралас мемлекеттерден келетін көліктердің кіруіне шектеу қою.

«Қазіргі уақытта шекаралас мемлекеттердің жүк және жеңіл көліктері Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайтын тәртіп орнатылған. Қазір негізгі жұмыс жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау үшін қосымша отын бактары орнатылған көліктерді анықтауға бағытталған. Бұл іспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр», – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Бұған дейін Энергетика вице-министрі көрші елдерге заңсыз кеткен бензин көлемін нақты айта алмады.