
Қазақстанның солтүстік өңірлері мен Астана, Көкшетау мен Петропавл қалаларына газ Ресейден тартылатын газ құбыры арқылы жетеді. Үкімет Ресейдің Түмен облысындағы Ишим қаласынан Астанаға тартылатын газ құбырының құрылысы аяқталса, бүкіл елге газ жүргізу көрсеткішін 64,2%-дан 80%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бұл жоспар 2035 жылға дейін жүзеге асуға тиіс.
Қазақстан үкімет мен ресейлік «Газпром» компаниясы арасындағы меморандумға 2025 жылы қол қойылған. Осы құбыр арқылы жылына 10 млрд текше метр газ тасымалдануға тиіс. Сонымен қатар оның жұмысын қамтамасыз ету үшін 50 МВт қуатты компрессорлық станциялар бой көтермек.
Жоспар бойынша құбыр құрылысы 2030 жылға қарай аяқталмақ.
«Жобаны іске асыру Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын сенімді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу маршруттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді», – деді министр.
Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы 13 млн адамның газ пайдалануға мүмкіндігі бар. Қазақстанда газ тасымалдау жүйесін дамыту жалғасып жатыр. Осы бағытта жалпы 40 жобаны жүзеге асыру көзделген.