
Қазақстанның Бас санитар дәрігері Al-Hayat шайын ішуге рұқсат берді. Тиісті қаулыға 30 маусымда қол қойылған.
«Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылы, 751/2 учаскесі мекенжайында орналасқан «Empire KENIY E.P.Z. Limited» өндірушісінің қоспалары бар «Al-Hayat» Gold қара шайын әкелуге және сатуға қойылған тыйым жойылсын», – деп жазылған құжатта.
Ал қаулының өзі 2026 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енген.
Жыл басында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кейбір шай брендтерін елге әкеліп, сатуға тыйым салған еді. Оның ішінде «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold» тәрізді брендтер болған.
Тағы да оқыңыз: Жұлдыздардың шай бизнесі: жеке брендпен шай шығару қанша тұрады