Жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл аударылып 22 жастағы қыз қаза тапты

Бурабайда квадроцикл аударылып 22 жастағы қыз қаза тапты
Фото: Shutterstock

Ақмола облысының Бурабай ауданында квадроцикл аударылып 22 жастағы қыз қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы оқиға 7 шілдеде Зеленый Бор және Бурабай кенттерінің арасындағы жолда болған. Қаза тапқан қыз Мәскеу қаласының 22 жастағы тұрғыны. Ал квадроциклде отырған тағы бір қыз – 19 жастағы Астана қаласының тұрғыны түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, техниканы жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы және апатқа әсер етуі мүмкін өзге де жайттар тексерілуде.

Ақмола облыстық Полиция департаменті курорттық аймақтың қонақтары мен тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.

Бұған дейін 15 маусымда Бурабайға барар жолда автобус апатқа ұшырап, 11 адам зардап шеккен еді.