
Әлеуметтік желілерде Таразда өткен үйлену тойы кортежінің бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр. Қымбат көліктерден құралған шеру жолда басқа жүргізушілерге қауіп төндіріп, апатты жағдай туғызған деп жазады Halyqstan.
Көлік тізгіндеген жастар жолдың бірнеше бағытында қатар жүріп, басқа жүргізушілерге кедергі келтірді. Тіпті кортеждің ішінде полиция көлігі де байқалады.
Осы оқиғаға байланысты Тараз қалалық полиция басқармасы арнайы мәлімдеме жасады. Құзырлы органның түсіндіруінше, патрульдің көлік сол кортежді тоқтату кезінде видеоға түсіп қалған.
«Аталған патрульдік автокөлік бейнежазбаға жол ережесін бұзған жүргізушілерді тоқтату әрекеті барысында түсіп қалған. Қазіргі таңда төрт жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде заңсыз арнайы жарық белгілерін қолданған бір жүргізушінің ісі сотқа жолданды. Тағы бір көлік айып тұрағына қойылса, екі жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Кортежге қатысқан өзге де тұлғалардың аты-жөні анықталып жатыр»
Тағы да оқыңыз: Павлодарда ер адам автокөлікпен бағанға соғылып қайтыс болды