Жаңалықтар

Заңғар Нұрланұлы Уимблдон турнирінің келесі кезеңіне қиналмай өтті

Қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлы
Заңғар Нұрланұлы 4 шілдеде 18 жасқа толды / фото: Instagram/Zangar Nurlanuly

18 жастағы қазақ теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Уимблдонның жастар арасындағы турнирінің үшінші айналымына сүрінбей өтті. Ол австралиялық Дэниел Йовановскиді 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Екінші айналымдағы осы матч бар болғаны 56 минутқа ғана созылды. Ойын барысында Заңғар үш рет эйс орындап, бес мәрте брейк жасады. Қарсыласы оның добын бір де бір мәрте ала алмады.

4 шілдеде ғана 18 жасқа толған Заңғар Нұрланұлы ірі турнирдің үшінші айналымында неміс теннисшісі Винсент Якоб Райзахпен ойнайды. Матч 8 шілдеде Астана уақытымен сағат 17:20-дан кейін басталады.

Тағы бір қазақстандық жас теннисші Дамир Жалғасбай жарыстың үшінші кезеңіне өте алмады. Ол ОАР өкілі Коннор Дойгке үш есетте есе жіберді. Тартысты матч 6:4, 6:7, 6:7 есебімен аяқталды. Ойын 2:09 минутқа созылды.

18 жастағы Дамир жеке сында жарысты аяқтағанымен, жұптық сайыста жүлдеге таласа береді. Америкалық Джек Секорд екеуінің жұбы бүгін Матей Тодоран/Ричардс Нейманис жұбымен ойнайды. Матч Астана уақытымен 19:40-тан кейін басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Уимблондар турнирін Елена Рыбакина үшінші айналымда, ал Александр Бублик төртінші айналымда аяқтаған.