
Алматы қаласындағы Сәтбаев көшесі бойында Тәуелсіздік монументіне қарама-қарсы бетте жаңа автобус аялдамасы ашылды. Бес бағытпен қатынайтын қоғамдық көлік жақында ғана жөнделген Республика алаңына тоқтайды.

Алаңдағы аялдама
Жолаушылар үшін заманауи аялдама павильоны, күту орны және ақпараттық тақта орнатылды. Оның алдына екі бағытта қатынайтын №21, №45, №95 және №121 бағыттарындағы автобустар тоқтайды. Осы бағыттарда күн сайын жалпы саны 75 автобус қызмет көрсетеді.
Енді қала тұрғындары мен қонақтары соның көмегімен Республика алаңына жете алады. Бұған дейін Сәтбаев көшесінің алаң арқылы өтетін тұсында аялдама болмаған.
Қала әкімдігі жаңа аялдама алаң маңындағы мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық нысандарға жетуді жеңілдетеді деп есептейді.

Республика алаңы жөнделді
Бұл уақытта Республика алаңы көркейе түсті. Әкімдіктің мәліметінше, жалпы аумағы 4,5 гектар кеңістік толық жаңартылды. Инженерлік желілер, жарық және суғару жүйесі қайта тартылды.
Қазір алаңда 233 ағаш, 63 мың бұта, сонымен бірге 18 мыңға жуық өсімдік өсіп тұр.
Алаңда сегіз су айдыны пайда болып, субұрқақтар жаңартылды. 129 заманауи шам орнатылып, 500-ден астам қала жиһазы (орындық, әткеншек және тб.) қойылды.
Ал бейсенбі күні Алматыға әйгілі актер Джеки Чан келді.