Қоғам

Ел шекарасы арқылы 640 млн теңгені заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Қытаймен шекарадағы
ҰҚК тоғыз күндегі жұмыс нәтижесін жариялады/фото: ural56.ru

Қазақстан шекарасы арқылы 640 млн теңгені заңсыз алып өтпек болғандар анықталды. ҰҚК хабарлауынша, тоғыз күнде декларацияланбаған валютаны алып өтпек болған 38 жағдай тіркелген.

Оның ішінде Жамбыл облысында «Қордай» автокөліктік шекара бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексергенде ішінен 350 000 АҚШ доллары (170 037 000 теңге) анықталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан заңына сәйкес ел аумағынан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол қаражатты алып өтуге болмайды.

Одан бөлек Қостанай облысындағы «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде Қазақстан аумағына 500 млн теңгенің вейпі әкелінбек болған. Алайда Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерін, электронды темекілерді, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге тыйым салынған.