Жаңалықтар

Файтер Мұхит Аманбаев былапыт сөзі үшін 86,5 мың теңге айыппұл төлейді

файтер Мұхит Аманбаев
Файтер Мұхит Амантаев / фото: Instagram/Mukhit Amantayev

Аралас жекпе-жек шебері Мұхит Амантаев көпшілік алдында балағат сөздер айтқаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл төлейді. Әкімшілік істі қараған сот осындай шешім шығарды.

Файтер қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытқаны үшін жауапқа тартылған. Полицияның бұрынғы қызметкеріне ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылған.

«Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – деп хабарлайды ІІМ.

Файтер оны бір айдың ішінде төлеуге міндетті. Амантаев тағылған айыптарды толық мойындады. Полиция сайтында сот барысында түсірілген видео жарияланды.

Астанада қоғамдық орында балағат сөз айтқан спортшы жауапқа тартылды

«Қоғамдық орында байқап сөйлеңіздер. Заң бәрімізге ортақ», – дейді ол.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, көпшілікке құрметсіздікті көрсеткендер жазаға тартылатынын ескертіп отыр.

39 жастағы Амантаевтың сотқа тартылғаны 7 шілдеде мәлім болған.