Жаңалықтар

Парижде Павел Дуровты алты сағат сұрақтың астына алған

Фото: Telegram

Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты Парижге сотқа шақырып, алты сағат сұрақтың астына алды. Бұл туралы іске қатысы бар дереккөздеріне сілтеме жасаған AFP агенттігі жазады.

«Екі жыл өткеннен кейін де Павел Дуровқа тағылған айыпты растайтын нақты дәделдер жоқ», – деді Дуровтың қорғаушылары сұрақ-жауап біткеннен кейін.

Дереккөздің сөзінше, 2024 жылы Дуровқа айып тағылғаннан кейін Telegram иесін осымен төртінші рет сұрақ-жауапқа шақырып отыр.

Le Figaro жазуынша, Франция соты Дуровты Telegram-ды қылмыстық істерді пайдалануға еш кедергі келтірмеді деп айыптап отыр. Әсіресе, контентті сүзгіден өткізбеген, тергеумен қажетті деңгейде серіктес болмады деген күдік бар.

Telegram басшысы Павел Дуров алғаш рет 2024 жылы тамызда Париж әуежайында ұсталған. Құзырлы органдар миллионер мессенджер арқылы заңсыз есірткі айналымына көмектесті, алаяқтықтың белең алуына, балаларға қарсы қылмыстың өршуіне кінәлі деп айыптады. Сол жылы желтоқсанда алғаш рет ол Париж сотына барған. Ал биыл ақпанда Дуровқа қарсы Ресейде қылмыстық іс қозғалды.