Жаңалықтар

Қытайда аяқ киім фабрикасындағы өрттен 28 адам қаза тапты

Қытайда аяқ киім фабрикасындағы өрттен 28 адам қаза тапты / Фото: Xinhua

Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясында аяқ киім фабрикасында ірі өрт болып, 28 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Xinhua агенттігі.

Өрт бейсенбі күні сағат 12:04-те Шыңжаң қаласына әкімшілік тұрғыдан бағынысты Чэньдай кентінің Цзянтоу ауылындағы фабрикада тұтанған. Бастапқыда бірнеше адамның қамалып қалғаны немесе хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.

Кейіннен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге, өрттің шығу себептерін анықтауға және кінәлілерді қатаң жауапкершілікке тартуға барлық күш-жігерді жұмсауға шақырды.

Төтенше жағдай орнында 183 құтқарушы мен 35 техника жұмыс істеп жатыр. ТЖМ мен Мемлекеттік өртке қарсы құтқару басқармасы аймаққа бірлескен жұмыс тобын жіберді.

Айта кетейік, осыған дейін BYD қытай компаниясының Шэньчжэнь зауытында өндіріс кешені өртенгенін жазған едік.